Қазақстандық жаттықтырушы Үндістанда қыз зорлады деген күдікке ілікті – БАҚ
Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Үндістандағы Қазақстан азаматына қатысты жағдайға қатысты мәлімдеме жасады.

Үндістанның Пенджаб штатында полиция 34 жастағы қазақстандық велоспорт жаттықтырушысы Мақсат Аязбаевқа қатысты қылмыстық іс қозғалды деген ақпарат тарады.
Kriminal kazakhstan ақпаратынша, ол Патиала қаласындағы Ұлттық спорт шеберлігі орталығында оқу-жаттығу жиыны барысында кәмелетке толмаған спортшы қызды зорлады деген күдікке ілінген.
Оқиға 13 қыркүйекте болған. Жаттықтырушыны іздеу үшін арнайы топтар құрылып, тәртіп сақшылары Дели қаласы мен соның маңындағы аудандарға рейдтер жүргізген.
Аязбаев Үндістанның велоспорт құрамасымен бірге Азия ойындарына қатысу үшін Жапонияға баруы тиіс болған.
Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Үндістандағы Қазақстан азаматына қатысты жағдайға қатысты мәлімдеме жасады. Министрлік бұл мәселені бақылауына алған.
Қазір қазақстандық дипломаттар оның туыстарымен байланыс орнатылған. Азаматқа консулдық-құқықтық көмек көрсетіліп жатыр.
Максат Аязбаев – кәсіби велошабандоз. Мұның алдында ол «Astana Pro Team» командасында өнер көрсетіп, халықаралық жарыстарда топ жарған. Ол былтырдан бері велоспорттан Үндістан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы қызметінде болған еді.



