“Кемеге мінген жоқпыз”: Қайғылы оқиғадан кейін жұрт болып іздеу салған екі сарбаз ел алдына шықты

Каспий теңізіндегі қайғылы оқиғаға қатысты тізімде аттары аталып, кейіннен мүлдем айтылмай кеткен қос сарбаз Айнар Ахметов пен Әли Мағауияға қатысты түрллі ақпараттар тарай бастаған еді. Бүгін екі сарбаз ел алдына шығып, өздерінің аман екенін айтты, деп хабарлады tiek.kz.
Айтуынша, екеуі де оқиға болған күні күні кемеге мінбеген, жағада болған.
Әли Мағауияның айтуынша, 24 қыркүйекте ол Каспий теңізіне шықпаған. Ол жағалауда болып, өзіне берілген теңіз жағалауын күзету міндетін орындаған.
«Кемеге мінген жоқпын. Өзіме берілген міндетті орындадым», – деді әскери қызметші. Ол сол күні ата-анасымен телефон арқылы сөйлесіп, жағдайының жақсы екенін айтқанын жеткізді.
Айнар Ахметов те 24 қыркүйекте жағалауда болғанын және кемеге отырмағанын мәлімдеді. Ол оқиғадан кейін үйдегілермен байланысып, өзінің аман екенін хабарлаған.
Бұған дейін Қорғаныс министрілі екі матростың теңізге кеткен әскери қызметшілердің қатарында болмағанын айтқан еді.
«Екі матрос оқу-жаттығу кезінде жағалауда оқу тапсырмаларын орындаған топ құрамында болған. Қазір олар әскери бөлімде, күн тәртібіне сәйкес қызметін жалғастырып жатыр», — делінген хабарламада.
Алайда желіде басқаша ақпарат тарады. Нақты айтар болсақ, Facebook желісінде белгілі медиатор, тарих ғылымдарының профессоры Дәметкен Сүлейменованың мәлімдемесі жарияланды.
Өз мәлімдемесінде ол Қорғаныс министрілінің оқу-жаттығу жұмыстарына қатыспады делінген Айнар Ахметовтің нағашысының баласы екенін, әрі ол туралы хабар ала алмай отырғанын айтқан. Айнар Ахметов өз күшімен жағаға аман шыққан. Сонымен қатар, ол қасындағы досына көмектесуге тырысқан. Алайда, қатты желден жағаға алып шыға алмаған.



