Қоғам
Тренд
Қорғаныс министрлігі оқу-жаттығу кезінде 19 адамның ішінде болған екі матрос туралы мәлімдеме жасады
Тізімдегі 19 адамның 14-і қаза тапты, үшеуі құтқарылды. Ал тағы екі адамның тағдыры не болды, олар туралы ақпарат неге айтылмайды деген еді.
Қорғаныс министрлігі Каспий теңізіндегі оқу-жаттығуға қатысқан Ахметов пен Мағауия есімді мерзімді әскери қызметшілер туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлады tiek.kz.
Ведомствоның мәліметінше, олар теңізге кеткен әскери қызметшілердің қатарында болмаған. Екі матрос оқу-жаттығу кезінде жағалауда оқу тапсырмаларын орындаған топ құрамында болған. Қазір олар әскери бөлімде, күн тәртібіне сәйкес қызметін жалғастырып жатыр.
Министрлік тұрғындарды тексерілмеген және жалған ақпарат таратпауға шақырды.
Бұған дейін желіде тізімдегі екі сарбаздың есіміне қатысты сұрақ туындаған болатын. Яғни тізімдегі 19 адамның 14-і қаза тапты, үшеуі құтқарылды. Ал тағы екі адамның тағдыры не болды, олар туралы ақпарат неге айтылмайды деген еді.



