Қоғам

«Ұрпағымыз жақсы өмір сүрсін десек, Қазақстанның дамуына бүгіннен бастап әрбіріміз үлес қосуымыз керек» – Сырымбек Тау

Кәсіпкер Сырымбек Тау қазақстандықтарды қоғамның дамуына өз үлесін қосуға шақырды, деп хабарлады tiek.kz.

Кәсіпкердің айтуынша, кез келген елде мәселе бар. Алайда сол кемшілікті ғана көріп, елдің болашағына күмәнмен емес, сеніммен қарау керек деп есептейді.

Қазақстанның қандай ел болатыны әр азаматтың бүгінгі ісіне байланысты.

«Бүгін Президентіміздің ұстаздарды қабылдаған кезде айтқан сөзін оқыдым. Мемлекет басшысы болашақты бұлыңғыр етіп елестетпеуге үндеді. Меніңше, біз де Қазақстанның келешегін бұлыңғыр ойламауымыз керек. Егер өркениетті, бүгінгіден де жақсы Қазақстанды көргіміз келсе, әрқайсымыз елге пайдамызды тигізуіміз қажет. 2030, 2035, 2040 немесе 2070-2080 жылдары біздің ұрпағымыз жақсы Қазақстанда өмір сүрсін десек, оған бүгіннен бастап әрбіріміз үлес қосуымыз керек», – деді Сырымбек Тау.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button