Алексей Луценко Азия ойындарының алты дүркін чемпионы атанды
ол жазғы Азия ойындарында ең көп алтын медаль жеңіп алған қазақ спортшысы атанды.

Велошабандоз Алексей Луценко Жапонияның Айти-Нагоя қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында топтық жарыста тағы да топ жарып, алтын медаль алды.
Осылайша ол жазғы Азия ойындарында ең көп алтын медаль жеңіп алған қазақ спортшысы атанды. Яғни оның Азия ойындарындағы чемпиондық атақтарының саны алтыға жетті.
Бұған дейін бұл рекорд каноэші Константин Негодяевқа тиесілі болған. Ол Азия ойындарында бес рет чемпион атанған.
XX жазғы Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді. Қазақстан құрамасы сапында 558 спортшы бақ сынайтынын жазған едік. Жарыс бағдарламасына 43 спорт түрі мен 71 спорттық дисциплина енгізілген. Барлығы 469 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Азия ойындарына Азия құрлығындағы 45 ұлттық олимпиадалық комитеттен 11 мыңнан астам спортшы, сондай-ақ босқындар құрамасы қатысып жатыр.
Қазақстан барлығы алты медалбмен үшінші орында келе жатыр. Оның бесеуі — алтын.


