Спорт

Хамза Шираз Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек өткізуден бас тартты

Британиялық боксшы Хамза Шираз қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен кездесуден бас тартты. Бұл туралы Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ұйымның хабарлауынша, Шираз WBO тұжырымы бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы атағына қатысты өз шешімін өзгерткен.

Боксшының мүддесін қорғайтын Queensberry Promotions компаниясы промоутерлік сауда аяқталғаннан кейін Шираздың шешімі туралы WBO-ға ресми түрде жазбаша хабарлаған.

Осылайша британиялық боксшы Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек өткізуден бас тартқан.

«WBO Хамза Шираз бен оның командасының шешімін құрметтейді», – делінген ұйым мәлімдемесінде.

Жәнібек Әлімханұлы бұған дейін Ширазбен кездесу өткізуге дайын екенін бірнеше рет мәлімдеген еді.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button