Саясат
Тренд

Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын қашан жариялайтыны белгілі болды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазан айында Қазақстан халқына Жолдау жариялайтынын мәлімдеді.

Бұл туралы ол VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімінде мәлімдеді.

Мемлекет басшысының айтуынша, Жолдауда елдің алдағы даму бағыты мен жоспарлары айқындалады.

«Қазан айында мен Конституцияның 46-бабына сәйкес Қазақстан халқына Жолдауымды жасап, алдағы жоспарымызды айқындаймын», – деді Президент.

Сондай-ақ Тоқаев жақында өткен Құрылтай сайлауына тоқталды. Оның айтуынша, жаңа құрамға кәсіби, іскер және жаңашыл азаматтар, оның ішінде жастар да кірген. Бұған қоса, Вице-Президент тағайындалып, жаңартылған Үкімет жұмысын бастады. Қауіпсіздік Кеңесінің аппараты жасақталды.

«Көп ұзамай Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітіледі», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button