Мәдениет

«Ағылшын тілін білмейтін жігітпен сөйлеспейді»: Баян Алагөзова кенже қызының талаптарын айтты

Айару өте білімді қыз. Ол гольф ойнай алуы, шаңғы тебе алуы керек. Өзі не білсе, жігіт те соны білуі керек

Продюсер Баян Алагөзова Аман Тасығанға берген сұхбатында қызы Айару Бақытбектің болашақ жарына қоятын талаптарын айтып өтті.

Продюсердің айтуынша, Айару үшін болашақ жарының білімді әрі бірнеше саладан хабары болуы маңызды.

«Айару ағылшынша сөйлемейтін жігітпен сөйлеспейді. Бұл оның ең төменгі талабы. Ал ең жоғарғы талабы – Толстой, Достоевскийдің шығармаларын оқып шығуы керек. Айару өте білімді қыз. Ол гольф ойнай алуы, шаңғы тебе алуы керек. Өзі не білсе, жігіт те соны білуі керек», – деді Баян Алагөзова.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button