Спорт
Тренд

Көшпенділер ойындары: Қоғамдық шудан кейін Қырғыз билігі Қазақстан құрамасының жеңісін мойындауға мәжбүр болды

Қоғамдық шудан кейін Қырғыз билігі Қазақстан құрамасының Көшпенділер ойындарындағы жеңісін мойындауға мәжбүр болды. Садыр Жаппаровтың баспасөз хатшысы Асқат Алагөзов жалпыкомандалық есепте Қазақстан бірінші орынға шыққанын мәлімдеді, деп жазады tiek.kz.

Айтуынша, қайта есептеуден кейін Қазақстан Көшпенділер ойындарының медальдер кестесінде бірінші орынға шыққан.

«Медальдер бойынша әртүрлі мәліметтерге байланысты туындаған даулардан соң ұйымдастыру комитеті VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының нәтижелерін қайта есептеді. Қазақ бауырларымызды жеңістерімен құттықтаймыз!» — деп хабарлады Қырғыз Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы Асқат Алагөзов.

Айтуынша, ұйымдастыру комитеті үш қазақстандық спортшының әрқайсысының марапаттарын бөлек есептеуге шешім қабылдаған. Осылайша, жалпыкомандалық есепте Қазақстан қайтадан бірінші орынға шығып отыр.

Бұған дейін ұйымдастыру комитеті күтпеген жерден Қазақстанның үш алтынын есептен шығарып, бас жүлде санын  29-ға дейін азайтып тастаған еді.

Осылайша ұзын-саны 32 алтын еншілеп алдыңғы орында келе жатқан Қазақ командасын жоқ жерден жалпы есепте екінші келе жатқан Қырғыз спортшыларына жығып бере салды. Расы керек бұл қоғам арасында үлкен шуға ұласты. Керек болса, қырғыз жұртының өзі таң қалды. «Қазақ бауырлардан ұят болды» деп шулап кетті. Көкпардағы әділетсіздік қырғыз халқында спорттық мәдениеттің жоқтығын айқын көрсетт», — деп ашық жазып жатты.

Расында да бұл жағдай өте ұят болды. Ол аздай өрескел түрде жарыс нәтижелерін қайта қарау спорт қағидатында мүлде жоқ дүние Дүниежүзілік көшпенділер ойындары мен халықаралық спорт қозғалысының тарихындағы қара дақ болып қала бермек. Қысқасы, мұндай тәсіл халықаралық жарыстарды өткізу нормаларына мүлде сай келмейді.

Мұндай сайыстарды Дүниежүзілік ойындар деп атаудың өзі – орынсыз. Тағы бір айта кетерлігі, ашылу салтанатының ауқымы мен салтанаты әлем жарыстың өзінде көрген көріністермен мүлде қарама-қайшы болып шықты. Қысқасы, қырғыз ағайындар Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ойдағыдай өткізе алмады. Ұят!

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button