Мәдениет

“Шайтанға табынады, Гитлердің фанаты”: Алагөзова Канье Уэсттің кешіне неге бармағанын айтты

Продюсер Баян Алагөзова Алматыда өткен айда өткен америкалық рэпер Канье Уэсттің концертіне не себепті бармағанын түсіндірді. Бұл туралы ол журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz

Баян Алагөзова Канье Уэсттің концертіне неге бармады

Продюсер әуелі Кешью тобына концерт кезінде Алматыдағы Орталық стадионда отшашу атуға рұқсат берілмегенін, алайда Канье Уэсттің концертінде отшашу атылғанын есіне алды. Баян Алагөзова шетелден келетіндерді “аға” санау, өзімізді кем-қор көру психологиясы бары көңіліне келетінін жеткізді.

“Концертке бармау – менің берік ұстанымым болды. Себебі ол свастика (неміс нацистерінің белгісі) ұстап жүреді. Ол шайтанға бас ұрғанын бірнеше рет айтқан. Гитлердің фанаты екенін де. Сол себепті мен оның концертіне бармаймын деп шештім. Гитлерді қолдайтын немесе қолдаған адамды барып қолдауға бармаймын. Оның сондай екенін бұрыннан білгенмін”, – деді ол.

Баян Алагөзова десе де, кәсіби маман тұрғысында оның концертіне қызыққанын мойындайды. Өйткені өзі де Кешью тобының 20 жылдығын Алматыда өткізіп, енді Астанада ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

“Менде миллион теңгенің билеті болса да, өз-өзімді концертке бармай ұстап қалдым. Бармаймын дедім. Мені осы пікірім үшін де сынағандар болды. Бірақ ол өз сөзінде “мені құдай ұзақ уақыт шақырды, бірақ менің көңілімді шайтан аулап отырды” деді емес пе!? Бұл – шайтанға бас ұру емес пе? Концертіне барсам, сол қара энергияны алып қайтатын едім”, – деді ол.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button