Саясат

Вице-президент Президент атынан өкілдік етеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вице-президент Ерлан Қаринді қабылдап, оған бірқатар нақты міндет жүктеді.

Қабылдау барысында Мемлекет басшысы Вице-президент лауазымы Қазақстан Конституциясында бекітілгенін және мемлекеттік басқару жүйесінде ерекше мәнге ие екенін атап өтті.

Ерлан Қаринге Құрылтаймен, Үкіметпен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл кезінде Президент атынан өкілдік ету тапсырылды.

Сондай-ақ Вице-президент мемлекеттік саясаттың негізгі мәселелері бойынша Мемлекет басшысының ұстанымын жеткізуі тиіс. Осылайша Ерлан Қарин жаңа Конституция аясында қайта енгізілген Вице-президент институтының негізгі өкілеттіктерін жүзеге асыра бастады.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button