Мәдениет

«Мейрамбектің дауысы жоқ»: Дастан Оразбековтің сөзі желіде дау тудырып жатыр

Танымал әнші Дастан Оразбеков өнердегі ағасы Мейрамбек Беспаев туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Өнер иесі сұхбат барысында әріптесінің вокалдық ерекшелігіне тоқталып, оның басты артықшылығы даусында екенін айтты.

«Мейрамбек Беспаев – ағам. Оның алып бара жатқан вокалдық техникасы жоқ. Бірақ адамның бойында әншілік қабілет болса, неге оны дамытпасқа? Менен де техникасы жоғары әншілер бар. Дегенмен кей әншінің өзіне тән үні болады. Мейрамбек ағаның қаруы – оның дауысы. Ол қоңыр үнді әнші», – деді Дастан Оразбеков.

Әншінің бұл пікірі әлеуметтік желі қолданушылары арасында түрлі пікір туғызды. Бірі Дастанның сөзін сынаса, енді бірі оның пікірін қолдады.

«Не қуып отыр?», «Мейрамбектің орны бөлек, ерекше дауыс иесі», «Әдемі сөйлейсіз», «Сауатты айттыңыз», «Дастанның өзі де мықты», «Таза қазақша әдемі айттыңыз», «Шынымен, Мейрамбек қарапайым қоңыр дауыс иесі. Бақ қой», – деп жазды желі қолданушылары.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button