
Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болып сайланды.
Оның кандидатурасын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай депутаттарына ұсынған болатын.
Мемлекет басшысы Қариннің кандидатурасын қолдауға шақырып, вице-президенттің Құрылтай депутаттарымен тығыз жұмыс істейтінін айтты. Құрылтай депутаттары дауыс беру арқылы кандидатураны мақұлдады.
Ерлан Кариннің кандидатурасын 141 депутат қолдады. 4-і қалыс қалды.
Осылайша Ерлан Қарин Қазақстанның жаңа Конституциясы күшіне енгеннен кейін қайта енгізілген вице-президент лауазымына ие болды.
Қарин бұған дейін Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарған.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасының Вице-Президенті болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.



