Сайлау - 2026
Тренд

Құрылтай депутаттарына төсбелгілер табысталды

Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарын тіркеді

Орталық сайлау комиссиясы Құрылтайдың бес саяси партиясы атынан сайланған 145 депутатын тіркеді. Бұл шешім бүгін ОСК-ның барлық сайланған депутаттардың қатысуымен өткен XVI отырысында қабылданды. Бұл туралы ОСК-ның XVI отырысында мәлім болды

Шешімге сәйкес, олардың депутаттық өкілеттігі 27 тамыздан бастап ресми түрде басталды.

Нұрлан Әбдіров «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесi туралы» Конституциялық заңның 44-бабына сәйкес Құрылтай депутатының өкілеттігі Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясында депутат ретінде тіркелген сәттен басталатынын атап өтті.

«Сіздердің өкілеттіктеріңіз Орталық сайлау комиссиясында тіркелген сәттен бастап басталды. Енді сіздер — Қазақстан Республикасының заң шығарушы билігін жүзеге асыратын жоғары өкілді орган — Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарысыздар. Құрылтай депутаттары тікелей сайлау құқығы негізінде сайланды. Сайлау науқанының барлық кезеңдері заңнама талаптарына қатаң сәйкес ұйымдастырылды. Депутаттық мандат — халықтың сенімі мен таңдауының нәтижесі, ал Құрылтай депутатының мәртебесі әрқайсыңызға еліміз мен халқымыздың алдында үлкен жауапкершілік жүктейді», — деп атап өтті Нұрлан Әбдіров.

Мандат төмендегідей бөлінді:

  • «Әділет» партиясы – 110 депутат;

  • «Ауыл» партиясы – 10 депутат;

  • Respublica партиясы – 9 депутат;

  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – 8 депутат;

  • «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы – 8 депутат.

 

Отырыста баяндама жасаған ОСК Төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман Орталық сайлау комиссиясы бес саяси партиядан сайланған Қазақстан Республикасы Құрылтайының 145 депутаттарын тіркеуді көздейтін қаулы жобаларын әзірлегенін хабарлады.

 

Іс-шара соңында Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Құрылтай депутаттарына куәліктері мен төсбелгілерін табыстады.

 

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button