Саясат
Тренд
Вице-президенттің қашан тағайындалатыны белгілі болды
Құрылтайдың құрылымы жасақталғаннан кейін вице-президент және премьер-министрдің кандидатуралы бойынша президент ұсыныс енгізеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бір палаталы Құрылтайдың алғашқы сессиясын ашып, сөз сөйледі.
Ол сайлаудың «ашық әрі әділ өткенін» айтып, науқанға қатысқан барлық партия қоғамдық өмірге «үлкен серпін бергенін» атап өтті.
Айтуынша, алда үлкен өзгерістер тұр.
Құрылтайдың құрылымы жасақталғаннан кейін вице-президент және премьер-министрдің кандидатуралы бойынша президент ұсыныс енгізеді.
Бұдан соң Құрылтаймен ақылдаса отырып, үкімет мүшелері тағайындалады. Қауіпсіздік кеңес төрағасының орынбасары да анықталады.
Одан соң халыққа жолдауын жарияламақ.



