Непалда алапат су тасқыны болып, 160 адам опат болды
Қар көшкінінің арты тасқынға ұласып, непал-қытай шекарасына жақын орналасқан Гиронг портын шайып кетті.

Непал алапат су тасқыны болып, 160 адам опат болды.
Тағы 403 адам із-түзсіз жоғалған. Оның 341-і шетелдік.
Атап айтқанда, Үндістан, АҚШ, Ұлыбритания және Малайзияның азаматтары. Непал туристік кеңесі өкілінің айтуынша, 133 үндістандық Тибеттегі Кайлаш тауына зиярат етуге барған. Сондай-ақ 47 туристің американдық екені анықталды.
Мамандар тасқынға Гималай тауындағы мұздықтардың еруі себеп болғанын айтады. Қар көшкінінің арты тасқынға ұласып, непал-қытай шекарасына жақын орналасқан Гиронг портын шайып кетті.
Оқиға сәрсенбі күні Гималай тауларындағы шекара маңында тіркелген. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, тау беткейінен үлкен көлемдегі лай мен тас өзенге құлап, оның арнасын бөгеген.
Непал сыртқы істер министрі Шисир Ханалдың мәлімдеуінше, алғашқы ақпараттар өңірде болған жер сілкінісі қар көшкінін қозғап, кейін тасқынға себеп болуы мүмкін екенін көрсеткен.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Непал мен Қытай шекарасы аумағында болған су тасқыны салдарынан зардап шеккендер мен хабар-ошарсыз кеткендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ екенін хабарлады.
Қазіргі уақытта Непал мен Қытай шекарасында болған су тасқыны салдарынан зардап шеккендер мен хабар-ошарсыз кеткендер арасында Қазақстан азаматтары тіркелмеген. Жағдай ҚР СІМ бақылауында, — деді СІМ ресми өкілі Жанболат Үсенов.



