Құрылтай: партиялар қанша орын алуы мүмкін?
Құрылтай депутаттары 5 жыл мерзімге сайланады.

Орталық сайлау комиссиясы қазақ тарихындағы алғашқы Құрылтай депутаттарын сайлаудың алдын ала нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды tiek.kz.
ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, еліміздегі дауыс беру құқығы бар 12 623 289 азаматтың 9 351 539-дан астамы сайлауға қатысқан.
Бұл – сайлаушылардың жалпы санының 74,08%-ы.
Оның сөзінше, бес партия бес пайыздық межеден өтті:
Әділет – 6 528 948 (71,17 пайыз)
ЖСДП – 469 058 (5,11 пайыз)
Ауыл – 574 621 (6,26 пайыз)
Ақ жол – 478 083 (5,21 пайы)
Республика – 509 631 (5,56 пайыз)
Ал Байтақ – 97 751 (1,7 пайыз) пен ҚХП – 285 395 (3,11 пайыз) бес пайыздық межені бағындыра алмаған.
«Барлығына қарсымын» деген нұсқаға сайлаушылардың 2,51%-ы дауыс берді.
Алдын ала нәтижеге сәйкес, «Әділет» партиясына Құрылтайдағы 145 депутаттық мандаттың 111-ін алуы мүмкіндігі туып тұр.
«Ауыл» — 10,
Respublica — 9,
«Ақ жол» — 8,
ЖСДП — 7 мандатқа ие болуы мүмкін деген сөз.
Мандаттарды нақты бөлу жөніндегі шешімді Орталық сайлау комиссиясы жариялайды.
Бұл — Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері өтіп отырған оныншы парламент сайлауы.
Құрылтай – Қазақстандағы жаңа бір палаталы заң шығарушы орган. Оның депутаттары 5 жыл мерзімге сайланады. Сайлаудан кейін депутаттар Құрылтай төрағасы мен оның 3 орынбасарын сайлайды.



