Сайлау - 2026
Шетелдегі Құрылтай сайлауы: 11 елде дауыс беру аяқталды
Шетелде дауыс беруді Америка Құрама Штаттарының Сан-Франциско қаласындағы отандастарымыз аяқтайды.

Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов шетелдегі Құрылтай сайлауы туралы мәлімет берді.
Сағат 19:00-дегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері жанынан 61 мемлекетте құрылған 79 сайлау учаскелерінің барлығы жұмыстарын бастады.
11 елде дауыс беру аяқталды. Шет елдерде тіркелген 11 402 сайлаушылардың 6007-сі дауыс берді. Шетелде дауыс беруді Америка Құрама Штаттарының Сан-Франциско қаласындағы отандастарымыз аяқтайды (Астана уақытымен сағ. 19:00 ашылды).
Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру қорытындылары туралы шет елдердегі учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары дереу Орталық сайлау комиссиясына жолданатын болады.



