Сайлау - 2026

ОСК: Сайлаушылардың дауыс беру көрсеткіші 72 пайыздан асты

Сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы туралы келесі ақпарат сағат 20.00-де беріледі.

Орталық сайлау комиссиясы cағат 18:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы туралы мәліметін жаңартты. Мәлімет бойынша, сайлаушылардың дауыс беру көрсеткіші 72,15 пайызға жеткен.
Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес сағат 18.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы мынаны құрады:

1. Астана қаласы бойынша – 49,87%.
2. Абай облысы бойынша – 77,54%.
3. Ақмола облысы бойынша – 78,95%.
4. Ақтөбе облысы бойынша – 84,95%.
5. Алматы облысы бойынша – 70,04%.
6. Атырау облысы бойынша – 69,05%.
7. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 71,15%.
8. Жамбыл облысы бойынша – 83,99%.
9. Жетісу облысы бойынша – 89,69%.
10. Қарағанды облысы бойынша – 74,78%.
11. Қостанай облысы бойынша – 75,31%.
12. Қызылорда облысы бойынша – 88,09%.
13. Маңғыстау облысы бойынша – 70,61%.
14. Павлодар облысы бойынша – 69,99%.
15. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 75,14%.
16. Түркістан облысы бойынша – 90,17%.
17. Ұлытау облысы бойынша – 68,23%.
18. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 85,43%.
19. Алматы қаласы бойынша – 41,06%.
20. Шымкент қаласы бойынша – 71,89%.

Жалпы еліміз бойынша сағат 18.00-де 9 095 298 сайлаушы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 72,15%-ын құрады.
Сайлаушылардың уақытша болу орындарындағы 548 учаскеде дауыс беру аяқталды.
Сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы туралы келесі ақпарат сағат 20.00-де беріледі.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button