Сайлау - 2026

Ел тұрғындарының 65 пайызы дауыс берді

Сағат 16:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы туралы есебі шықты.

Орталық сайлау комиссиясы хабарлайды:

астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес сағат 16.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы мынаны құрады:

1. Астана қаласы бойынша – 46,38%.

2. Абай облысы бойынша – 71,18%.

3. Ақмола облысы бойынша – 73,69%.

4. Ақтөбе облысы бойынша – 75,63%.

5. Алматы облысы бойынша – 67,23%.

6. Атырау облысы бойынша – 63,37%.

7. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 61,81%.

8. Жамбыл облысы бойынша – 69,11%.

9. Жетісу облысы бойынша –  77,03%.

10. Қарағанды облысы бойынша – 70,91%.

11. Қостанай облысы бойынша – 70,09%.

12. Қызылорда облысы бойынша – 81,38%.

13. Маңғыстау облысы бойынша – 65,86%.

14. Павлодар облысы бойынша – 67,06%.

15. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 63,94%.

16. Түркістан облысы бойынша –  76,73%.

17. Ұлытау облысы бойынша – 64,29%.

18. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 79,33%.

19. Алматы қаласы бойынша – 36,65%.

20. Шымкент қаласы бойынша – 67,92%.

Жалпы еліміз бойынша сағат 16.00-де 8 240 336 сайлаушы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 65,37% құрады.

Сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы туралы келесі ақпарат  сағат 18.00-де беріледі.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button