Саясат
Тренд

«Келесі жылы айтамын»: Тоқаев алдағы Президент сайлауына қатысу туралы сауалаға жауап берді

Тоқаев Конституциялық соттың шешіміне сәйкес, қайта сайлануға заңды құқығы бар екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс бергеннен кейін сайлау учаскесінде журналистерге берген сұқбатында көпшілікті қызықтырған бірқатар сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды tiek.kz.

Соның бірі — Тоқаевтың алдағы президент сайлауына қатысуы жайлы болды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев келесі президенттік сайлауға қатысу-қатыспауы туралы қазір айтуға әлі ерте екенін мәлімдеді. Мемлекет басшысы бұл мәселеге 2027 жылы нақтырақ жауап беретінін айтты. Тоқаев Конституциялық соттың шешіміне сәйкес, қайта сайлануға заңды құқығы бар екенін атап өтті. Алайда алдағы уақытта ел алдында тұрған көптеген міндетті орындау қажет болғандықтан, президенттік сайлауға қатысу мәселесін әзірге талқылау ерте екенін жеткізді.

Президент алдағы жоспарларының бірі елде ауқымды құрылыс жұмыстарын жүргізу, әсіресе әлеуметтік нысандарды көбейту екенін айтты. Бұл мақсатқа Ұлттық қор қаражатын пайдалануға дайын екенін жеткізді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы әлемдегі күрделі жағдайды жіті бақылап, халықаралық ахуалды талдау қажет екенін атап өтті. Кезекті президент сайлауы Қазақстанда 2029 жылы өтуі тиіс.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қазақстанның вице-президенті кім болатыны алдағы 10 күн ішінде белгілі болатынын айтқан еді.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button