Цифрлық дәуірде барлық сала жаңашылдықты талап етіп отыр. Білім беру де — солардың қатарында. Қазақстандық EdTech нарығында осы сұранысқа жауап берген озық жобалардың бірі — TopIQ.kz платформасы. Ол «Алматыкітап баспасы» негізінде құрылып, оқушы, мұғалім мен ата-ана арасындағы байланысты күшейтетін, заманауи білім беру экожүйесіне айналды.
Қарапайым цифрлық оқулық емес – толыққанды білім беру платформасы
TopIQ.kz — бұл жай ғана оқулықтардың электронды көшірмесі емес. Платформада бейнематериалдар, анимациялар, интерактивті тапсырмалар мен автоматты тексеру жүйесі бар мультимедиялық оқулықтар ұсынылады. Бұл әлемдік трендтерге сай: пассивті оқу емес, белсенді өзара әрекетке құрылған білім беру моделі.
TopIQ платформасы:
- мультимедиялық контент ұсынады;
- бейімделген оқыту жүйесін қамтиды;
- оқу барысын талдауға мүмкіндік береді;
- геймификация арқылы мотивация береді;
- «болашақ мектебі» тұжырымдамасына сай дамып келеді.
Оқушы үшін — білім алу қызықты саяхат
TopIQ арқылы оқушы оқу процесіне терең еніп, тек мәтін оқып қана қоймайды, сонымен қатар процестерді көреді, дыбыстық сүйемелдеуді тыңдайды, тапсырма орындайды және жетістіктері үшін виртуалды марапаттарға ие болады. Бұл білім алуды қызықты әрі тиімді етеді.
Ата-анаға да ашықтық пен бақылау мүмкіндігі бар
Платформада ата-аналарға арналған жеке қолжетімділік қарастырылған. Олар баласының бағаларын, тапсырмаларын және үлгерім динамикасын көре алады. Бұл оқытуды ашық, бірлескен үрдіске айналдырады.
Мұғалімнің пікірінен:
«TOPIQ арқасында менің жұмысым әлдеқайда тиімді әрі қызықты бола түсті. Мұнда заманауи әрі сапалы материалдар жинақталған, олар сабақ тақырыптарын тереңірек ашуға көмектеседі. Ең бастысы — әр оқушы өз қарқынымен жұмыс істей алады. Интерфейсі өте ыңғайлы, техникалық қолдау да әрдайым байланыста. Бұл қосымша — менің педагогикалық тәжірибемдегі сенімді серігім.»
Наукенова Айымкүл Жеңісқызы
Қостанай облысы Амангелді ауданы
Б.Колдасбаев атындағы жалпы білім беретін мектептің
тарих пәні мұғалімі