Қоғам

Су тасқынынан зардап шеккен 375 отбасында қоныс той

Оралда үйлерін су басқан тағы бірнеше отбасы жаңа баспананың кілтін алды. 30 тамызда Деркул және Зачаганск ауылдарында 183 үй берілсе, 31 тамызда «Жұлдыз» шағын ауданындағы тағы 192 жанұя су жаңа қоныстың иесі атанды.

Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккендерге барлығы 775 үй салынды. Қазіргі таңда 685 үйдің кілті табыс етілсе, қалғандары 3 қыркүйекте Қаратөбе ауданы Қоржын ауылында тапсырылады.

Осылайша Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету мәселесі толығымен шешілмек. Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Орал қаласындағы «Жұлдыз» шағынауданының тұрғындарын қоныс тойымен құттықтады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Үкіметтің қолдауымен су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға тиісті көмек көрсетілді, инженерлік желілер, газ және су құбырлары толығымен аяқталды Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін асфальт төсеуді жоспарлап отырмыз»,- деді әкім.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

Басқа жаңалықтар

Back to top button