Қоғам

Тағы да шахтада кенші опат болды

Қайғылы жағдай Шығыс Қазақстанда тіркелді. KAZ Minerals компаниясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1 қыркүйекке қараған түні Артемьев шахтасында тастың құлауы салдарынан мердігер ұйымының үңгушісі жарақат алып, қайтыс болған.

«Қайғылы оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда, қайғылы жағдайды тергеу бойынша арнайы комиссиялар құрылды. KAZ Minerals Тобы Директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачук жазатайым оқиғаларды тергеуге қатысу үшін өңірге барды», — делінген хабарламада.

Компанияның хабарлауынша, KAZ Minerals Тобының басшылығы мен ұжымы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтады. Компания отбасыларға жан-жақты көмек көрсетеді.

Еске салсақ, кеше, 31 тамызда, компанияның «Ертіс» шахтасында 4 жұмысшы қаза тауып, біреуі ауруханаға жеткізілді.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

Басқа жаңалықтар

Back to top button