Әлем
Тозаққа айналдырамын: Трамп Иранға келісім жасауға 48 сағат уақыт берді

Трамп Иранға келісім жасау үшін 48 сағат уақыт берді.
Оның айтуынша, егер талап орындалмаса, «ауыр салдары» болуы мүмкін. Трамп бұл талапты 6 сәуірге дейін орындау қажет екенін айтты.
«Естеріңізде ме, мен Иранға КЕЛІСІМГЕ КЕЛУ немесе ОРМУЗ БҰҒАЗЫН АШУ үшін он күн берген едім. Уақыт таусылып барады. 48 сағаттан кейін олардың үстіне тозақ орнайды. Құдайға шүкір!», — деп жазды Дональд Трамп.

Бұған дейін ол Иранның энергетикалық нысандарына соққыларды уақытша тоқтатқанын мәлімдеген еді.
Алайда Иран бұл ультиматумға жауап ретінде АҚШ нысандарына соққы жасады. Мәліметке сәйкес, дрондар Біріккен Араб Әмірліктері мен Кувейттегі америкалық әскери позицияларға бағытталған.



