Су тасқыны жайлы есеп берілді

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі Қазақстандағы су тасқыны туралы соңғы ақпаратты таратты
30 наурыз сағат 12.00-ге дейінгі қорытынды бойынша:
• Құтқару жұмыстарына Төтенше жағдайлар министрлігінің, Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және Ұлттық ұланның 6 мыңнан астам адамы, 3000 техникасы мен 12 ұшағы жұмылдырылған.
• 7783 адам, оның ішінде 2800 бала құтқарылды және эвакуацияланды.
• 3131 адам, оның ішінде 1093 бала уақытша орналастыру орталықтарында.
• 644 адам, оның ішінде 236 бала Төтенше жағдайлар министрлігінің, Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және Ұлттық ұланның ұшақтарымен құтқарылды.
• Қажетті учаскелерге 300 мыңнан астам қап пен 45 тонна инертті материал төселді.
• 3,5 млн м3 астам қызыл су сорылды.




