Қоғам
Балаева журналист Ботагөз Омарованың қамауға алынуына қатысты пікір білдірді

Балаева журналист Ботагөз Омарованың қамауға алынуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлады tiek.kz.
Айтуынша, министрлік журналист Б. Омарованың ұсталуына байланысты жағдайды бақылауға алған.
«Мәдениет және ақпарат министрлігі журналист Б. Омарованың ұсталуына байланысты жағдайды бақылауда ұстауда.
Сонымен қатар, мұндай жағдайларда заңда көзделген барлық рәсімдер аяқталғанға дейін асығыс түсіндіру жұмыстарын жасауға, дәлелсіз қорытындылар шығаруға және алдын ала баға беруге жол беруге болмайтынын ерекше атап өтеміз. Оқиға мәнін бұрмалау немесе процесс қатысушыларын негізсіз қаралауға әкелуі мүмкін мәлімдемелерге жол бермеу аса маңызды.
Аталған іс бойынша шешім әділ болады деп сенемін.
Таратылып жатқан ақпараттың дұрыстығын тексеру – «Масс- медиа туралы» Қазақстан Республикасының Заңында бекітілген журналистердің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
Сонымен қатар, заңнамада, атап айтқанда 68-бапта, журналистерді шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратқаны үшін жауапкершіліктен босататын жағдайлар қарастырылған, оның ішінде ресми сөздерді сөзбе-сөз, өзгеріссіз келтірілген болса.
Осы сияқты кез-келген мәселелерді қарау барысында «Заң және тәртіп» қағидатын қатаң сақтау қажет деп есептейміз, өйткені заң баршаға ортақ және оны сақтау барлық азаматтар үшін міндетті.
Өз тарапынан министрлік жағдайды мұқият бақылап отыр және қажет болған жағдайда өз құзыреті аясында шаралар қабылдауға дайын. Сонымен қатар, барлық процессуалдық әрекеттер сыртқы араласусыз, заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес қатаң түрде жүзеге асырылуы тиіс екенін атап өтеміз», — делінген министдің мәлімдемесінде.
Ботагөз Омарова — журналист, «Айтпа, Ботагөз» Telegram арнасының авторы.
Ботагөзді 20 наурызда Астана қалалық полиция департаментіне «әңгімелесуге» шақырған. Ол Астана қаласы Сейфуллин көшесі 37 мекенжайына өз еркімен барған. Алайда бірнеше сағаттың ішінде оның статусы өзгеріп, қорғалуға құқығы бар куәгерден күдіктіге айналып шыға келген.
Журналист полиция бөлімінде сегіз сағаттан астам уақыт болған. 21 наурызға қараған түні тергеу сотының отырысы өтіп, нәтижесінде Омарова екі ай мерзімге үйқамаққа алынды.
Толығырақ: https://tiek.kz/archives/2516
© Tiek.kz



