Оқиға

Щучинскідегі жарылыс: Аурухунада жатқан тағы бір адам көз жұмды

Щучинск қаласындағы «Центр плова» кафесіндегі жарылыс пен өрттен қаза тапқандар саны сегізге жетті. Бүгін «Авиценна Бурабай» ауруханасында науқастардың бірі көз жұмғаны белгілі болды. 

Бурабай ауданының әкімдігі бұл ақпаратты растап,мәлімде жасады. «Иә, өкінішке қарай, ер адам кеше қайтыс болды», — деді Бурабай ауданының әкімдігінің өкілі.

Зардап шеккен ер адам Бурабай аудандық көпсалалы ауданаралық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатқан.

Қазіргі уақытта барлық зардап шеккендер медициналық мекемелерде ем қабылдауды жалғастырып жатыр. Олардың төртеуі Көкшетау қаласындағы Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында ем алуда. Үшеуінің жағдайы ауыр, бірақ тұрақты деп бағалануда.

Бір науқастың денесінің 85 пайызы күйіп қалған, оның жағдайы өте ауыр.

Науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Күн сайын штаттан тыс бас мамандардың қатысуымен консилиумдар өткізіледі. Мамандар эфференттік терапия әдістерін қолдануда. Күн сайын Астанадағы Жедел медициналық көмек орталығына есеп беріліп отырады, – деп хабарлады облыстық аурухана дәрігерлері.

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада Щучинск қаласындағы кафеде жарылыс болып, өрт шықты. Бастапқыда оқиға салдарынан шамамен 20 адам зардап шегіп, 7 адамның қаза тапқан болатын. Қаза тапқандардың бірі кәмелет жасына толмаған.

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button