Оқиға

Ақтөбедегі автогаз құю бекетінде жарылыс болды

3 наурызда Ақтөбенің Алматы ауданында орналасқан автогаз құю станциясының жерүсті резервуарларының бірінде газ-ауа қоспасының жануынан жарылыс болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жалын екінші цистернаға, тұрақта тұрған газ тасымалдаушы көлікке және операторлық ғимаратқа таралған.

ТЖД күштері оқиға орнына жеткен соң, өртсөндірушілер жоғары қауіп жағдайында жұмыс істеп, қайталама жарылыстардың алдын алып, жалынның одан әрі таралуына жол бермеген. Өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от @ztz_04_aktobe (@ztz_04_aktobe)

Басқа жаңалықтар

Back to top button