Заң үстемдігі
Тренд

Бір жылда 29 мың ата-ана жауапкершілікке тартылды – балалар неге қорғансыз?

Қазақстанда күн сайын 5 бала қылмыс құрбаны болады – Динара Закиева дабыл қақты

Қазақстанда балаларға қарсы жасалатын қылмыстардың ауқымы алаңдатарлық деңгейде қалып отыр. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева «24KZ» телеарнасындағы сұхбатында елімізде күн сайын орта есеппен 5 балаға қатысты қылмыс тіркелетінін мәлімдеді 

Уәкілдің айтуынша, ең қауіпті үрдіс – бұл қылмыстардың басым бөлігі баланың ең жақын ортасында жасалуы.

«Қылмыстардың 60–70 пайызы ата-аналар немесе бірге тұратын адамдар тарапынан жасалады. Оқиғалардың көбінің үй ішінде орын алуы алдын алу мен анықтауды күрделендіреді», – деді ол

29 мың ата-ана жауапқа тартылған

Өткен жылы профилактикалық жұмыстар күшейтіліп, 29 мың ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар 1126 ата-ана құқығынан айырылып, тағы 661 адамның ата-аналық құқығы шектелген

Қабылданған шаралардың нәтижесінде ауыр қылмыстардың саны азайған:

  • ҚК 99-бабы бойынша – 10% төмендеу,

  • ҚК 106-баптың 3-бөлімі бойынша – 54% азайған.

Алайда жағымды өзгерістермен қатар жаңа қауіп те байқалған: балалар арасындағы қылмыс былтыр 30 пайызға өскен. Оның 70 пайызы қаржылық дауларға, 20 пайызы жеке тұлғаға қарсы әрекеттергебайланысты.

Буллинг – қылмысқа апаратын алғашқы қадам

Закиева балалар қылмысының түп-төркіні көбіне мектептегі қысымнан басталатынын атап өтті.

«Бұл қылмыстардың бастауы – буллинг. Оның алдын алу үшін мектептерде “ДосболLIKE”, “Адал азамат” бағдарламалары енгізілді», – деді уәкіл.

111 сенім телефонына 124 мың қоңырау түскен

2025 жылы бала құқығын бұзуға қатысты 171 дерек тіркелген. Ал «111» ұлттық сенім телефонына 124 600 қоңырау келіп түскен.

ЮНИСЕФ зерттеуі ресми статистика шынайы жағдайды толық көрсетпейтінін анықтаған. Осыған байланысты «Қазақстан балалары» бағдарламасы аясында мамандарды оқыту, стандарттарды енгізу және қамқоршы мамандар мен психологтардың жалақысын арттыру жоспарланған.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

Басқа жаңалықтар

Back to top button