Миллиардтап пайда көріп отырған Астана автопарктері бес жылда әкімдіктен 142 млрд теңге алған

Бұл қаражат әлеуметтік маңызы бар тасымалдарды жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылардың залалдарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға бөлініпті. Tiek.kz сауалына әкімдік өкілдерінің берген жауабында дәл осылай жазылған.

Берілген жауапқа сүйенсек, 2020 жылы елорда бюджетінен 16,2 млрд теңге бөлінген. Содан кейін бұл мақсатқа қарастырылған қаражат көлемі арта түсті. Былтыр 51,6 млрд теңгеге бір-ақ жеткен. Осы 5 жылда бас-аяғы 142,9 млрд теңге автобус парктерінің шығындарын жабуға жұмсалды.

Ал осынша қыруар қаржы алған автобус парктерінің бюджетке пайдасы қандай? 2020-2024 жылдар аралығында елордадағы жолаушылар тасымалымен айналысатын 7 ұжым 23,27 млрд теңге төлеген. 5 жылда 23,27 млрд теңге! Әкімдік бөлген қаражаттан 119,63 млрд теңгеге аз.

Миллиардтап пайда көріп отырған Астана автопарктері бес жылда әкімдіктен 142 млрд теңге алған

Әр автобус паркінің салық және басқа да төлем түрінде бюджетке аударымдары ашық дереккөздерден алынған ақпаратта анық көрініп тұр

Миллиардтап пайда көріп отырған Астана автопарктері бес жылда әкімдіктен 142 млрд теңге алған
Миллиардтап пайда көріп отырған Астана автопарктері бес жылда әкімдіктен 142 млрд теңге алған
Миллиардтап пайда көріп отырған Астана автопарктері бес жылда әкімдіктен 142 млрд теңге алған
Миллиардтап пайда көріп отырған Астана автопарктері бес жылда әкімдіктен 142 млрд теңге алған
Миллиардтап пайда көріп отырған Астана автопарктері бес жылда әкімдіктен 142 млрд теңге алған
Миллиардтап пайда көріп отырған Астана автопарктері бес жылда әкімдіктен 142 млрд теңге алған
Миллиардтап пайда көріп отырған Астана автопарктері бес жылда әкімдіктен 142 млрд теңге алған

Ал осы 142,9 млрд теңгенің неше теңгесі қай автобус паркіне бөлінді дейсіз ғой? Әкімдіктің жауабы мынадай:

Бүгінгі таңда тасымалдаушыларды субсидиялау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 25 тамыздағы № 883 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. Осы ережелерге сәйкес, автобус парктеріне олардың коммерциялық құпиясы болып табылатын және автобус парктерінің келісімінсіз жария етуге болмайтын шығындары өтеледі.

Коммерциялық құпия ретінде жария етуге болмайды екен. Бірақ қалада тіркелген автобус парктерінің ішіндегі ең ірісі әрі бәрінен көп салық төлеп келе жатқан №1 автобус паркінің қожайыны — Астана қаласының әкімдігі. Сонда өзіне қарасты компанияға бюджет қаражатын бөліп отыр ма? Ол жағы да түсініксіз

Миллиардтап пайда көріп отырған Астана автопарктері бес жылда әкімдіктен 142 млрд теңге алған

Осынша қыруар қаражатты субсидия ретінде беруді тоқтатса не болады деген сауал қойдық. Оған жауабы мынадай:

Қазіргі таңда Тарифтерді есептеу әдістемесі бойынша есептелген кезде, бір адамға тарифтің орташа құны 400 теңгені құрайды.Тасымалдаушылардың әлеуметтік маңызы бар тасымалмен байланысты шығындары субсидияланбаса, бұл көлік қолжетімділігінің төмендеуіне әкеліп соғуы мүмкін.Сонымен қатар рентабельді емес бағыттардың жабылуы және жол жүру ақысының қымбаттауы азаматтардың көпшілігі үшін көлік қызметтерінің қолжетімділігін төмендетеді, бұл әлеуметтік наразылықты арттырады.

Миллиардтап пайда көріп отырған Астана автопарктері бес жылда әкімдіктен 142 млрд теңге алған
Фото: tiek.kz

Халыққа пайдалы болса жөн екен. Алайда, бөлінген қыруар қаражаттың тиімді жұмсалып жатқанына кім кепіл? Бәлкім «жолақы 400 теңге болуы керек» деп отырған автобус парктеріне аудиторлық тексеріс жүргізу керек шығар? Қала шенеуніктері ол сауалға да заңнан үзінді келтіріп жауап берді.

№392-V ҚРЗ «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының 18-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының өзіне жүктелген міндеттер мен өкілеттіктерді іске асыруды қамтамасыз ету мақсатындағы қызметі оларға бекітілген мемлекеттік аудит объектілерінің бірінші басшылары бекіткен тиісті жылға арналған тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Заңның 18-бабының 5-тармағына сәйкес белгілі бір негіздемеге сүйене отырып жоспардан тыс аудитті ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады екен. Ол 4 негіздеме мынадай:

1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің және оның орынбасарларының тапсырмалары бойынша;

2) техникалық-экономикалық негіздемені, қаржылық-экономикалық негіздемені және бюджеттік инвестициялардың сметалық құнын түзетуге байланысты мәселелер бойынша;

3) тәуекелдерді басқару жүйесі пайдаланыла отырып, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның ақпараттық жүйелері деректерінің мониторингі нәтижелері бойынша;

4) жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары бойынша, оларда жазылған мәселелер бойынша ғана жүргізіледі.

Қала тұрғындары болса автобус парктері айтқан 400 теңгелік жол жүру тарифі мен субсидияны бөлмесе жолаушылар тасымалы тұралап қалуы мүмкін деген әкімдік жауабына байланысты өз пікірін айтты.

Айтпақшы, зейнеткер, оқушы сияқты тегін жүру құқына ие азаматтар үшін төлейтін қаражат туралы да сұралды.

Тегін жүру құқына ие азаматтар ушін автобус парктеріне төлем жасауға қалалық бюджетінен бөлінген қаражат сомасы: 2020 жыл – 1,4 млрд. тг., 2021 жыл – 1,4 млрд. тг., 2022 жыл – 1,4 млрд. тг., 2023 жыл – 3,9 млрд. тг., 2024 жыл – 4,0 млрд. тг. құрайды

Миллиардтап пайда көріп отырған Астана автопарктері бес жылда әкімдіктен 142 млрд теңге алған
Фото: tiek.kz

Жалпы қалада тегін жүру құқына ие азаматтардың саны 154 046 екен. Сондай-ақ оқушыларға арналған 263 192 мектеп көлік картасы жасалыпты. Бұдан бөлек Астанамен іргелес елді мекен тұрғындары да ескерілген. Оларға арнап жолақы төлеуден босату құқын беретін 3885 көлік картасы шығарылыпты.

Халықты толғандыратын басты мәселе — жолақы құнының қымбаттауы. Қала билігі бұл тақырыпқа әлі оралмайтын сыңайлы

Астана қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 16 шілдедегі № 503-2348 «Астана қаласы бойынша қалалық және қала маңындағы қатынастарда жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға арналған тарифтердің кейбір мәселелері туралы» қаулысымен электрондық жол жүру құжаты немесе қосымша электрондық төлем сервистері арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде тариф 90 теңгеден 110 теңгеге дейін көтерілді. Бүгінгі таңда бұл мәселе күн тәртібінде тұрған жоқ

Орайы келгенде еске сала кетсек, осыдан 10 жыл бұрын Ақтөбедегі автобус паркінің қожайыны 6 жыл бойы жеңілдігі бар жолаушылар үшін аударылып келген 4,5 млрд теңгені иемденгені үшін сотталған болатын.

Tiek.kz редакциясы бұған дейін пойыз билеттерін субсидиялау тақырыбын да зерттеген болатын

Бақытнұр Әлібайhttp://tiek.kz
Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

Өзге де материалдар ―