Елімізде Құрылтай сайлауы басталды
Ел бойынша 0 363 сайлау учаскесі ашылып, сайлаушылар тізіміне 12,6 млн-нан астам адам енгізілген.

Қазақстанда Орталық сайлау комиссиясы өз жұмысын бастады.
Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман хабарлады.
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған ақпаратқа сәйкес сағат 7.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде 10 363 сайлау учаскесі дауыс беруге кіріскенін хабарлайды. Сондай-ақ, біздің елден тыс жерде орналасқан 16 шет мемлекетте 19 сайлау учаскесінде дауыс беру басталды, — деп атап өтті ОСК басшысының орынбасары.
Айтуынша, аумақтық сайлау учаскелерінің жұмысы таңғы сағат 6.00-де басталған.
Учаскелердің ашылуы және дауыс берудің басталуы Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған ақпаратқа сәйкес сағат 7.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде 10 363 сайлау учаскесі дауыс беруге кіріскенін хабарлайды.
Сондай-ақ, біздің елден тыс жерде орналасқан 16 шет мемлекетте 19 сайлау учаскесінде дауыс беру басталды. Осылайша ел тарихындағы алғашқы Құрылтай сайлауы басталды. Аумақтық сайлау комиссияларының шешімдеріне сәйкес 107 учаскеде дауыс беру таңғы сағат алтыда басталды.
Сайлаушылар тізімдеріне 12 605 788 адам енгізілген. Олардың 17 132-сі дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін алды. Барлығы 10 423 сайлау учаскесі бар, оның ішінде 61 шет мемлекетте 79 учаске.
«Орталық сайлау комиссиясы сағат 10.00-ден бастап екі сағат сайын сайлаушылардың дауыс беруі туралы хабарлайтын болады», — делінген хабарламада.



