Оқиға
Тренд
Қойма жарылды: Қорғаныс министрлігі Арыстағы жарылысқа қатысты мәлімдеме жасады
Қазіргі таңда жағдай бақылауда. Өрт ошағы оқшауланып, оқиға орнында тиісті қызметтер жұмыс істеп жатыр.

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі Арыста болған жағдайға қатысты ресми түсініктеме берді.
Министрліктің мәліметінше, 19 тамызда сағат кешкі 19:00 шамасында Арыс гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінің техникалық аумағында қураған шөп тұтанған.
Өрт салдарынан бұған дейін кәдеге жаратуға дайындап қойған оқ-дәрі жарылған.
Сондай-ақ, оқиға салдарынан зардап шеккендер мен қираған нысандар жоқ екені хабарланды.
Қазіргі таңда жағдай бақылауда. Өрт ошағы оқшауланып, оқиға орнында тиісті қызметтер жұмыс істеп жатыр.
Министрлік азаматтарды әлеуметтік желілерде тараған тексерілмеген ақпараттарға сенбеуге және жағдайға қатысты мәліметті тек ресми дереккөздерден алуға шақырды.



