
Бұдан былай ата-аналар баласының мектептің ішкі тәртібі мен белгіленген киім үлгісін сақтауға міндетті болады.
Яғни мектеп формасын кимейтін оқушылардың ата-аналарына айыппұл салынатын болды.
Бала мектептің ішкі тәртібін бұзып, белгіленген мектеп формасын кимеген жағдайда ата-анасына бірден айыппұл салынбайды.
Егер форманың киілмеуіне белгілі бір себептер болса, алдымен ескерту жасалады. Ал талапты қайта бұзған жағдайда ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 АЕК, яғни 21 625 теңге мөлшерінде айыппұл төлеуі мүмкін.
Осылайша ата-аналарға баласының мектептің ішкі тәртібі мен белгіленген киім үлгісін сақтауын қамтамасыз ету міндеті жүктеледі.



