Оқиға
Тренд

Алматы мен Алматы облысының тұрғындары жарықсыз қалды

Алматы қаласының 4 ауданында жарық өшті деген ақпарат тарады.

Stan.kz сайтының жазуынша, жарық 14 тамыз күні сағат түскі уақытта өшті. Редакция “Алатау-жарыққа” компаниясына жарықтың сөні себебін сұраған болатын. Компания апаттық ажырату салдарынан өшіруге мәжбүр болғанын мәлімдеген.

“Сағат 14:38-де «KEGOC» АҚ-ға тиесілі 500 кВ Л-5400, Л-5300 және Л-5320 әуе электр беру желілерінің апаттық ажыратылуы нәтижесінде «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ желілерінде апатқа қарсы автоматика (САОН, АЧР) іске қосылды, нәтижесінде Алматы қаласы мен Алматы облысындағы электр энергиясы өшірілді”, – деп жазды хабарламада.

Алматы қаласының 4 ауданында жарық сөнді, олар:

  • Бостандық ауданы
  • Наурызбай ауданы
  • Әуезов ауданы
  • Алатау ауданы

Алматы облысы бойынша жарық өшкен:

  • Жамбыл;
  • Балқаш;
  • Есік;
  • Қарасай;
  • Шелек;
  • Райымбек;
  • Ұйғыр;
  • Іле;
  • Кеген;
  • Талғар аудандарында электр қуаты өшірілді.

Энергетиктер электрмен жабдықтауды қалпына келтірумен айналысып жатыр. Жарық қашан жанатыны әзірге белгісіз.

«Жетісу облысы, Ескелді ауданы, Шымыр ауылында жарық та, су да жоқ», – деп хабарлады оқырман.

Шымкент тұрғындары да жарықтың жоғын айтып, шағымданып жатыр.

Қырғызстан астанасында да жарық өшті

Сондай-ақ Бішкектің кейбір аудандарының тұрғындары электр қуатының сөніп қалғанын айтты. Kaktus.media басылымындағы әріптестердің мәліметінше, жарықтың өшкені туралы алғашқы хабарламалар шамамен сағат 15:00-де түскен. Тұрғындар Тыныстанов пен Тоқтоғұл көшелері маңында электр қуатына қатысты ақау болғанын айтқан.

Кейін Ибраимов – Бөкөнбаев, Абдрахманов – Ибраимов көшелері маңынан, «Аламедин-1» шағынауданынан, Сүйінбаев – Жібек Жолы көшелері қиылысынан, «Жастар кварталынан», Ахунбаев – Айтматов даңғылы маңынан, сондай-ақ Селекционное ауылынан жарыққа қатысты шағымдар түскен.

Сонымен қатар Қолбаев көшесінде, №70 мектеп маңында және Орозбеков – Түгөлбай Ата көшелерінің қиылысында да электр қуаты үзілген.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button