Нұрай Серікбай ісі бойынша сот үкімі шықты
Айыпталушы Шерхан Аймахан өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың қазасына қатысты резонансты сот процесі аяқталды.
Сот Айыпталушы Шерхан Аймаханды өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.
Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы Шерхан Аймаханды аса қатыгездікпен адам өлтірді деген айып бойынша өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұраған еді.
Судья Шерхан Аймаханды Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің үш бабы бойыншакінәлі деп таныды.
ҚР ҚК-нің 115-1-бабы – «Сталкинг»бойынша Аймаханға 200 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалды.
ҚР ҚК-нің 125-1-бабы – «Некеге тұруға мәжбүрлеу» бойынша сот екі жылға бас бостандығынан айыру жазасын белгіледі.
Ал ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы – «Аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру»бойынша оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Шерхан Аймаханға қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіздік мекемесінде өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын, – деді судья Саммидин Темиралиев.



