Қоғам
Тренд

«Павлодар наш» деген ресейлік блогер Қазақстаннан қуылды

Әлеуметтік желіде Fassoollka лақап атымен танылған ресейлік стример Ксения Гузаева Қазақстанға қатысты даулы пікірлерінен кейін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ел аумағынан шығарылды.

Қазақстанға көшіп келген ресейлік блогер тікелей эфир барысында еліміз туралы теріс пікір білдіріп, жұрттың намысына тиген еді.  Нақты айтар болса, Павлодар қаласын «Ресейдің жері» деген сөзі үлкен қарсылық тудырды.

Ол сондай-ақ, Қазақстанды «Мамбетстан», «Штрафстан» деп кемсітіп, қазақ халқына қатысты балағат сөздер айтқан. Сонымен қатар,

Әлеуметтік желі қолданушылары бұл әрекетке заң аясында баға беріп, тиісті шара қолдануды талап еткен болатын. Тиісті орган өкілдері Заң талаптарын сақтау және елге құрметпен қарау – баршаға ортақ міндет екенін тағы бір мәрте еске салады.

Бұған дейін сот оны әлеуметтік желілердегі арандатушылық және әдепсіз сипаттағы пікірлері үшін әкімшілік жауапкершілікке тартқан болатын. Сот шешімімен оған Қазақстанға 5 жыл мерзімге кіруге шектеу қойылды.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button