Қоғам

«Сотта жеңіліп қалған»: Семейде сот ғимараты алдында өзін өртеп жіберген адамға қатысты тың дерек шықты

Семейде облыстық сот алдында өзін өртеп қаза тапқан адамның бұған дейін лизингтік компаниямен соттасқан. Алайда сотта жеңіліп қалған.

Ол бес жүк көлігіне қатысты дауда 19,9 миллион теңге өтемақы талап еткен.

Сот мәліметінше, 2020 жылы марқұмның компаниясы лизинг арқылы бес жүк көлігін алғанымен, төлемді толық өтемеген. Кейін лизингтік компания өкілдері сот шешімінсіз төрт көлік пен қосалқы бөлшектерді алып кеткен. Бұл әрекет заңсыз деп танылғанымен, айыпталушы қылмыстық жауапкершілікке тарту мерзімі өтуіне байланысты жазадан босатылған.

Ал марқұм жоғалған мүлік пен жүк көлігін жөндеуге кеткен шығын үшін 19,9 миллион теңге өндіріп беруді сұраған. Алайда сот оның мүлікке тиесілігін және шығын көлемін дәлелдей алмағанын айтып, талапты қанағаттандырмаған. Сот оған өтемақы өндіру үшін азаматтық тәртіппен қайта жүгінуге болатынын түсіндірген.

30 қазанда Семей қаласында облыстық сот ғимаратының алдында ер адам өзін-өзі өртеп, көз жұмғанын жазған едік. 

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button