
12 тамыз күні сағат 20:00-де Jibek Joly телеарнасының тікелей эфирінде Құрылтай сайлауына қатысатын саяси партиялардың үшінші теледебаты өтеді.
Бұл жолғы пікірталас ерекше форматта. Алғаш рет тікелей эфирде командалық теледебат өтпек. Дебатқа жеті партиядан екі өкілден, барлығы 14 спикер қатысады.
Пікірталастың негізгі тақырыбы – «Заң және тәртіп».
Тікелей эфирде бірінші тарихи Құрылтай сайлауына қатысатын жеті саяси партияның өкілдері кездеседі.
«Әділет» партиясы — Айжан Аймағанова мен Мәди Мырзағараев;
ЖСДП — Лариса Ли мен Нұрайнаш Камалова;
«Байтақ» партиясы — Амалбек Өміртай мен Алмат Тұртаев;
Қазақстан Халық партиясы — Жандос Бидайбеков пен Ирина Смирнова;
«Ауыл» партиясы — Жазира Сұлтанқұлова мен Ерболат Саурыков;
«Ақ жол» партиясы — Бек-Мұхамед Жаукебаев пен Ермек Әбілдин;
Respublica партиясы — Олжас Құспеков пен Динара Шүкіжанова.
Дебатқа қатысушылар өздерінің партиясы неліктен қолдауға лайық екеніне сайлаушыларды сендіруге тиіс.
Көрермен назарына:
сайлауалды бағдарламаларға толық талдау;
тікелей эфирде келіп түскен ең өткір сұрақтарға жауаптар;
дебатқа қатысушылардың пікірі бойынша сайлауалды бағдарламалардың әлсіз тұстары;
партиялар өкілеттік мерзімі ішінде орындауға міндетті бір нақты уәде ұсынылады.
Тікелей эфир барысында көрермендер экрандағы QR-код немесе WhatsApp арқылы пікірталасқа қатысушыларға өз сұрақтарын жолдай алады.
Дебат аяқталғаннан кейін тікелей эфирде «Ашық студия» саяси ток-шоуы эфирге шығады. Сарапшылар пікірталастың негізгі сәттерін, қатысушылардың сөзін және дебаттардың сайлау науқанына ықпалын талдайды.
Алғашқы командалық теледебатты телеарнаның ресми YouTube арнасынан көріңіздер.



