Ақтауда балаларға тегін балмұздақ таратқан кәсіпкерге айыппұл салынды

Ақтауда жаңа сауда орнын ашқан кәсіпкер балаларға тегін балмұздақ пен йогурт таратқаны үшін 20 айлық есептік көрсеткіш, яғни 86,5 мың теңге көлемінде айыппұл төледі.
Оқиға 1 тамызда болған. Кәсіпкер ашылу құрметіне 50 порция балмұздақ пен 30 йогурт үлестірген.
Алайда қала әкімдігінің мәліметінше, мұндай акцияларды өткізер алдында міндетті түрде рұқсат алу қажет. Өйткені тегін таратылатын шараларға көп адам жиналып, кептеліс туындауы мүмкін.
Сауда орнының иесіне 20 АЕК (86 500 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Себебі мұндай акцияны өткізбес бұрын әкімдіктен арнайы рұқсат алу талап етіледі.
«Біз кәсіпкерлердің осындай бастамаларына қарсы емеспіз. Алайда өнімді тегін тарату қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүргізілуі тиіс. Осындай іс-шараларды ұйымдастырмас бұрын жергілікті атқарушы органнан тиісті рұқсат алып, балаларды қуанту үшін қауіпсіз әрі заңды басқа да тәсілдерді қарастырған жөн. Мұндай акциялар кезінде адамдардың көп жиналуы түрлі келеңсіз жағдайларға әкелуі мүмкін», – деп мәлімдеді қалалық әкімдік.



