Қоғам

Мұхаммед пайғамбарды қорлаған: Петропавл тұрғыны алты жылға сотталды

Петропавлда діни алауыздықты қоздыру ісі бойынша үкім шықты.

Сотта 50 жастағы Арман Ахметов жауап берді, деп хабарлады Stan.kz.

Айыптау нұсқасына сәйкес, ер адам әлеуметтік желіде діни араздықты қоздыруға бағытталған жазбаларды бірнеше рет жариялаған. Атап айтқанда, ол исламның “қазақтарға тиесілі емес” екенін айтып, Мұхаммед пайғамбардың атына тіл тигізетін мәлімдемелер жасаған.

Сотталушының мүддесін екі адвокат қорғады. Қорғаушы тарап қосымша соттық дінтану сараптамасын тағайындауды сұрағаны. Десе де сот бұл өтінішті қанағаттандырмады.

Сонымен қатар сот отырысында прокуратура сотталушымен процестік келісім жасау туралы ұсыныстан бас тартты. Нәтижесінде сот Арман Ахметовті діни алауыздықты қоздыру бабымен кінәлі деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айырды.

Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button