Қоғам
Тренд

Өзгепланеталықтарды көрген ғарышкер

сол оқиғадан соң көп ұзамай қасындағы үш жігіт көз жұмған.

Бүгін қазақтың тұңғыш ғарышкері, Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіровтің туған күні.  Ғарышкеріміз 80 жасқа толып жатыр.

Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров 1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында дүниеге келген.

1988 жылы Кеңес Одағында тұңғыш рет жанармай құйдыру арқылы солтүстік полюске ұшу сапарын ерлікпен орындаған. Осы кезде авиация саласындағы ерен еңбегі үшін Тоқтар Әубәкіровке «Кеңес Одағының Батыры» атағы беріледі.

Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы, Қазақстан Республикасының ұшқыш-ғарышкері, авиация генерал-майоры, әлемнің 256-ы, КСРО-ның 72-і , Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш ғарышкері.

Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров сұқбаттарының бірінде өзгепланеталықтарды қайдан көргенін баяндап берген еді.

“Өзгепланеталықтардың бар екеніне сенем. Өйткені оларды өз көзіммен көргем. Бірде таңғы сағат алтыда далада тұрғанымда жап-жарық жұлдызды көрдім. Ол қыстүні болатын. Өзгепланеталықтар маған қарай жақындап келді. Жалғыз болғандықтан кейін басқаларға айтсаң, ешкім сенбейді. Қасымдағы үш жігітті ояттым. Олар да шығып қарады. Жарық бізге жақынап келді де, қайта көтеріліп кетті. Бізге айттап келді”, – деді ғарышкер.

Алайда Тоқтар Әубәкіровтің айтуынша, сол оқиғадан соң көп ұзамай қасындағы үш жігіт те жастайынан қаза болған.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button