Оқиға
Тренд

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйелдің бөлшектелген денесі табылды

Екібастұз қаласы М. Әуезов көшесі 24 мекенжайындағы қоқыс жәшігінен әйел адамның бөлшектелген мәйіті салынған бірнеше қап табылды деген ақпарат тарады.

Павлодар облысының полициясы бұл ақпаратты растап, оқиға бойынша түсініктеме берді.

«Адам өлтіру» фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оқиғаның мән-жайы мен қылмысқа не себеп болғаны тергеу барысында анықталады.

«Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді», — делінген полиция хабарламасында.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button