
Ауа райына байланысты күллі ел бойынша бүгінгі ескерту жарияланды.
Синоптитердің мәліметінше, Астанада тағы жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кеше айналасы 22 минут ішінде 11,4 мм жауын-шашын түскен.
«Жалпы 23 шілдеде жауған жауын-шашын көлемі 18,2 мм-ге жетіп, бұл айлық норманың шамамен үштен бірін құрады. Қала коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр», деп хабарлаған болатын елорда әкімдігінің ресми сайты.
Бұған дейін, 22 шілдеде Астанада 20,8 мм жауын-шашын жауған болатын. Осылайша, екі күн ішінде елордада жалпы 39 мм жауын-шашын жауып, бұл айлық норманың шамамен 70%-ына жетті.
Қатты жауын-шашын салдарынан қаланың жекелеген аумақтарында су жиналып, көлік қозғалысы шектелгенін жазған едік.
Ал Алматыда қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте жаңбыр жауып, найзағай болып, екпінді жел болады 15–20 м/с дейін.
Алматы, Жетісу, Павлодар, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Абай, Қарағанды, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл және Түркістан облыстарының кейбір аудандарында нөсер жауын жауып, найзағай болып, бұршақ және дауыл күтіледі.
Батыс және оңтүстік өңірлерде ауа температурасы +35…+42 °C дейін көтерілетін қатты ыстық күтіледі. Бірқатар облыста жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.



