
Астанада алғаш рет аэротакси жұртшылыққа таныстырылды, деп хабарлайды tiek.kz.
Аэротакси – жол кептелісін азайтып, қала ішіндегі қатынасты жылдамдатуға бағытталған жаңа технологиялардың бірі.
Тік көтеріліп, тік қона алатын eVTOL электрлі әуе көлігі — сағатына 200 шақырымға дейін жылдамдықпен ұшып, 200 шақырымға дейінгі қашықтықты еңсере алады.
Қазақстанда eVTOL әуе көлігінің алғашқы демонстрациялық ұшуы 2026 жылғы 19 мамырда Алатаудағы еліміздегі алғашқы вертипорттың аумағында өткен болатын.



