Қоғам

Дрон шабуылы: Wildberries компаниясы қазақстандық кәсіпкерлерге өтемақы төлей бастады

18 маусымға қараған түні Ресейдің Электросталь қаласындағы Wildberries қоймасында ірі өрт шыққан еді.

Оқиғадан кейін зардап шеккен сатушыларға, оның ішінде қазақстандық кәсіпкерлерге өтемақы төлене бастады.

Компанияның мәліметінше, алғашқы төлемдер ең алдымен шағын кәсіпкерлерге аударылып жатыр.

Компания мәліметінше, қазір Қазақстаннан тіркелген сатушылардың саны 120 мыңнан асады.

Компания ең алдымен шағын және қолдауды көбірек қажет ететін кәсіпкерлерге басымдық берген. Мұндай сатушылардың саны 88 мыңнан асады. Олардың айтуынша, өтемақы бір тәулік ішінде сатушылардың жеке балансына түседі.

Сонымен қатар компания тауарларды қоймадан шығару қызметінің жұмысы да алдағы бір тәулікте толық қалыпқа келетінін мәлімдеді. Қазір негізгі күш-жігер тауарларды қоймалар арасында қайта бөліп, логистикалық процестерді тұрақтандыруға бағытталған.

“Біздің басты міндетіміз – серіктестерге қолдау көрсету. Қазір барлық ұйымдастыру жұмыстары тауарларды қоймалар арасында тиімді қайта орналастыруға және кәсіпкерлердің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен бірге сатып алушылардың тапсырыстарын уақытылы жеткізу де басымдықтардың бірі болып қала береді”, – деп хабарлады компания.

Компания өкілдерінің сөзінше, қолға алынған шаралар кәсіпкерлердің шығынын азайтып, платформадағы сауда процесін қысқа мерзімде қалыпты режимге қайтаруға мүмкіндік береді.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button