Қоғам
Тренд

Қазақстанда ресми қоңырауларға арнайы белгі қойылады

Қазақстанда телефон арқылы жасалатын алаяқтықпен күресті күшейту үшін ресми қоңырауларды арнайы белгілеу жүйесі енгізіледі, деп хабарлайды tiek.kz.

Жаңа жүйе іске қосылғаннан кейін банктерден, байланыс операторларынан, мемлекеттік органдардан және басқа да ресми ұйымдардан келетін қоңыраулар смартфон экранында арнайы белгімен көрсетіледі. Бұл азаматтарға шынайы қоңырауды алаяқтардың қоңырауынан оңай ажыратуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, интернет, IP-телефония және транкингтік байланыс қызметтерін енді тек лицензиясы бар операторлар ғана ұсына алады. Бұл байланыс қызметтерінің қауіпсіздігі мен сапасын арттыруға бағытталған.

Тағы бір маңызды өзгеріс – абоненттердің келісімінсіз ақылы байланыс немесе интернет қызметтерін қосуға тыйым салынады. Мұндай қызметтер тек екі кезеңді растаудан кейін ғана іске қосылады.

Бұған қоса, қазақстандықтар енді байланыс операторларының жарнамалық SMS-хабарламалары мен автоқоңырауларынан бас тарта алады.

Телекоммуникация саласына енгізілген жаңа заңнамалық өзгерістер тамыз айының соңында күшіне енеді.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button