Оқиға
Тренд

«Қазақ мұнайын тиеген танкерлерге жасалған шабуылдарға Украинаның қатысы жоқ» — елші

Украинаның Қазақстандағы елшісі Виктор Майко Каспий құбыр консорциумы (КҚК) инфрақұрылымы мен мұнай танкерлеріне жасалған шабуылдарға Украинаның қатысы барын жоққа шығарды, деп хабарлады Азаттық радиосы.

Елшінің сөзінше, Киев Астананың алаңдаушылығын түсінеді, алайда бұл шабуылдарды Украина жасағанын дәлелдейтін айғақ жоқ.

Майко Ресейдің украиналық дрондарды радиоэлектрондық күрес құралдары арқылы бақылауына алып, арандату мақсатында пайдалануы мүмкін екенін айтып, бұл нұсқаны мұқият тергеуге шақырды. Оның сөзінше, Украина қарулы күштері тек әскери нысандарды нысанаға алады, ал Қазақстанның инфрақұрылымы мен экономикалық мүдделері ешқашан әскери мақсат ретінде қарастырылмаған.

Шілденің 17-сі, 19-ы және 20-күндері Новороссийскідегі КҚК терминалдарына барған бірнеше мұнай танкеріне дрондар шабуыл жасағаннан кейін Қазақстанның сыртқы істер және Энергетика министрліктері КҚК нысандарына шабуылды тоқтатуға шақырған.

КҚК Қазақстан мұнай экспортының шамамен 80 пайызын тасымалдайтын негізгі бағыт саналады.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button