Заң үстемдігі
Тренд

Махамбет Өтемісұлы атындағы университеттің ректоры ұсталды

Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университетінің ректоры Нұрлан Серғалиев ұсталды, деген хабар тарады, деп хабарлайды tiek.kz.

Сондай-ақ оның жұмыс кабинеті мен тұрғылықты жерінде тінту жүргізілген

Әлеуметтік желілерде тараған мәліметке сәйкес, ректор қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталып, қылмыстық іс қозғалған.

Алдын ала ақпарат бойынша, қылмыстық істі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі тергеп жатыр.

Бұл ақпаратты Ғылым және жоғары білім министрлігі растады.

Министрлік әзірге ұсталу себептері мен оқиғаның мән-жайы өздеріне белгісіз екенін мәлімдеп, тергеу әрекеттеріне қатысты барлық мәселе құқық қорғау органдарының құзыретіне жататынын айтты.

 

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button