Қоғам
Билетсіз жолаушының өлімінен кейін 3 теміржол қызметкері жұмыстан қуылды

«Жолаушылар тасымалы» компаниясы Атырау – Ақтөбе бағытындағы пойызда билетсіз жолаушының қайтыс болуына байланысты жүргізілген қызметтік тексерудің қорытындысын жариялады.
Тексеру барысында марқұмның пойызға жол жүру құжатынсыз мінгені анықталған. Осыған байланысты 2 жолсерік пен пойыз бастығы қызметінен босатылды. Сондай-ақ Ақтөбе учаскесінің басшысы мен өндірістік оқыту жөніндегі нұсқаушыға қатаң сөгіс жарияланды.
Компания филиал басшылығына қатысты да тәртіптік шаралар қабылданатынын мәлімдеді. Ал оқиға бойынша Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімі тергеу жүргізіп жатыр.
Компанияның мәліметінше, пойыздың барлық техникалық жүйелері штаттық режимде жұмыс істеген.


